Ауғанстанда сот төрешісі өлтірілді

Ауғанстанның Қандағар провинциясы Пәнжауи ауданының әкімі белгісіз екі азамат мотоциклмен келіп, сот төрешісін атып кетті деп хабарлады. Тәңертен жұмысқа бара жатқан жолында қаза тапқан төрешінің аты-жөны айтылмады. Шабуылды Талибан жауынгерлері атқарса керек делінді. Кеше көршілес Шах Уәли Кот ауданында бомба жарылысынан жергілікті ресми қызметкер өлтірілген болатын.