Иранда саяси тұтқындар мен диссидентерді қорғап келген адвокаттың өзі түрмеге жабылуы мүмкін

ТЕҺРАН. Иранның белгілі адвокаты Абдол-Фаттах Солтани халықаралық қауымға өзіне түрмеге жабылу қаупі төнгенін мәлімдеп отыр. Ол түрмеде 50 күндей аштық жариялап, қазір өлім аузында тұрған белгілі диссидент журналист Ақбар Ганжидің қорғаушысы. Бүгін “Фарда” радиосына берген сұхбатында Солтани осы сәрсенбіде сот өкілдерінің өз үйін тінтіп, жеке заттары мен компьютерін тәркілегенін хабарлады.

“Біз – бүгін немесе ертең қауіпсіздік өкілдері мені тұтқындап, жан түршігетіндей жәбірлеуі мүмкіндігіне заңгерлерді, заң қоғамдарын, заңгерлердің Халықаралық ассоциациясын және зиялылар мен бүкіл әлемнің адам құқын қорғаушыларын назар аударуға шақырамын”, - деп мәлімдеді Солтани.