Путин бүгін Финляндияда бейресми сапармен жүр

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Финляндия сапарында ел президенті Таржа Халоненмен бейресми келіссөз өткізбек. Негізгі мәселе – Ресей мен Еуропа Одағының қарым-қатынастарын талқылау. Екі ел қатынастары мен Балтық жағалауы елдеріндегі ұлттық азшылықтардың мәселелері де талқыға салынбақ. Ресей Латвия мен Эстонияда орыстар қудаланып жатыр, Финляндия осы мәселеде сөз салса деп сұрап отыр.