Пхеньянның ядролық бағдарламасына арналған келіссөзге қатысушы елдер бір шешімге әлі келген жоқ

БЕЙЖІҢ. Қытай Солтүстік Кореяның ядролық қаруы маңайындағы дағдарысты шешуге бағытталған бірлескен мәлімдеменің жаңа жобасын ұсынды. Пхеньянның ядролық бағдарламасына арналған 6-жақты келіссөздер өткен аптада Бейжіңде басталған болатын. Қытай ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін келліссөзге қатысушы елдердің өкілдері Қытай тарапынан ұсынылған мәлімдеменің жаңа жобасын қарастырған, бірақ ешқандай шешімге келмеген. Америка Құрама Штаттары Солтүстік Корея бірінші ядролық бағдарламасын тоқтатуы керек, содан кейін ғана оған экономикалық жәрдем көрсетеміз деп отыр, бірақ ресми Пхеньян Вашингтонның талабынан бас тартуда.