Украиналық тергеушілер журналист Гонгадзенің қасақана өліміне байланысты делінген 3 полиция офицерін анықтап отыр

Бас прокуратураның хабарлауынша, Гонгадзені 2000 жылы қыркүйекте ұрлап әкетіп, басын кесу қылмысында қатысқандар – Валерий Костенко, Микола Протасов және Олександр Попович екен. Ал 4-ші қылмыскер Пукашты Интерпол іздестіруде.

Прокуратура ендігі кезекте Гонгадзені өлтіруге кім бұйрық бергенін зерттеуде. Әзірше ол бұйрық бұрынғы президент Кучмадан шыққан деген пікір бар. Бірақ Кучма оны мойындамай отыр екен.