Мұнай шикізатының әлемдік бағасы тағы да “аспандап” қымбаттады

НЬЮ-ЙОРК. Лондон мен Нью-Йорктің тауар биржаларында мұнай шикізатының жеңіл түрінің әлемдік бағасы соңғы 5 күн бойы тоқтаусыз қымбаттап келіп, кеше 1 баррель мұнайдың бағасы 67 долларға жетіп жығылды. Мұнай бағасының осылайша “аспандауын” сарашылар автокөлікпен көп жүретін жазғы маусымда әсіресе АҚШ-тың мұнай өңдеу зауыттарында шикізаттың жетіспеуімен түсіндіреді. Энергетика бойынша халықаралық агенттіктің пікірінше, мұнай шикізатына деген сұраныс ұлғайып келеді. Әлемдік сұраныс осы күні тәулігіне 1,6 млн. баррельге өскен.