Рим папасы түні бойғы діни рәсімді өткізді

Рим папасы Бенекдит Германияның Кельн қаласында өткізетін жаппай діни құлшылық рәсіміне шамамен 700 мың жас католик жиналды. Дүниежүзілік жастар күні фестивалінің шеңберінде өтіп жатқан құлшылық рәсімі түні бойы жүреді де, жексенбі күні тәңертен жалғасады. Рим папасы түнгі рәсімге бастау уағыз айтып берді. Рим папасы кеше Германияның саяси басшылары мен Германия ислам қауымдастығының игі жақсыларымен кездесті. Рим папасы мұсылмандарды терроризмге қарсы науқанға қосылуға шақырды, жастардың сауатын ашу үшін ислам ұстаздарына "үлкен жауапкершілік" артылып отыр деді.