Алжирде алты саяхатшы бауыздалды

Алжир елінде исламшыл жауынгерлер орманда саяхат құрып жүрген алты азаматты өлтірді. Жетінші саяхатшы - әйел азамат кепілдікке алынған, оның қайда екені белгісіз. Ресми өкілдер шабуыл жұма күні болған дейді, саяхатшылар бауыздалған екен. Саяхатшылардың алдымен құнды заттары тоналған.