“Катрина” дауылы Нью-Орлеанға жетіп, зор нұқсан келтірді, 3 қарт құрбан болды

НЬЮ-ОРЛЕАН. Дәл осы сағатта “Катрина” дауылы АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласына жетіп, нөсер жаңбыр мен жылдамдығы 240 шақырымға жететін жел ұрып тұр. Бір санаторийде демалып жатқан 3 қарт адам құрбан болды және қаланың инфрақұрылымы мен ғимараттарына орасан зор нұқсан келді. 1,5 млн.-ға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. “Әрбір тұрғынға Нью-Орлеанды дереу тастап шығуға бұйрық берілді. Не басқа жол болмаған жағдайда, қаладағы қауіпсіз баспананың біріне барып паналау керек”, деп мәлімдеді қала әкімі Рэй Нэйджин. Қаланың жабық стадионын кемінде 9 мың адам паналап отыр. Стадион шатырының бір бұрышын жел жұлып алып кетіп, ол жерден жаңбыр құйып тұр. Мамандардың ескертуінше, дауыл әлі ұзақ соғып, қаланы су басуы мүмкін.