Ирақ сұнниттерінің өкілі ел конституциясының жобасына қарсы шақырды

Ирақтағы араб сұнниттерінің араағайыншысы Салеқ Әл Мұтлақ шиит дінбасыларына қайырылып, 15 қазанда референдумға шығарылатын ел конституциясының жобасына қарсы бірлесуге шақырды. Салеқ Әл Мұтлақ конституция жобасын өткізбеуге шиитердің діни басшысы Мұқтада Әл Садрмен және ол өзі атағандай "кез-келген ұлттық күштермен" одақтасуға дайынмын деді. Сұннитер Ирақ федералды мемлекет деп танылса елдің үшке бөлініп кету қаупі бар, шииттер мен күрдтер жеке мемлекеттерін құрып алады деп қорқады.