Назарбаев саяси өзгерістерге асығудың қажеті жоқ деді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел конституциясының он жылдық мерейтойында сөйлеп, саяси реформаларды асығып жасаудың қажеті жоқ деді. Радикалды саяси реформалар дайындықсыз іске асса – елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси ұстанымдарына нұқсан келеді, - деді Назарбаев. Елде саяси көзқарасты еркін білдіруге жағдай жасалған, оған бейүкіметтік ұйымдардың және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі дәлел, - деді Қазақстан президенті. Адам құқықтарын қорғау ұйымдарының пікірі өзгеше, олар Қазақстанда диссиденттер мен баспасөз қудаланады деп келеді. Нұрсұлтан Назарбаев елді 1990 жылдан бері басқарады.