Әскерлер тізбегі Нью Орлеанның су басқан көшелерімен 20 мыңдай адам жансауғалап отырған орталыққа жеткен. АҚШ армиясы инженерлер корпусы жетекшілерінің бірінің айтуынша, қаланы судан арылту үшін кемінде 36-80 күн қажет болады. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс АҚШ-қа көмек қолын созған 50-ден астам шетел мен халықаралық ұйымдарға алғыс айтты.