АҚШ-тың ядролық қаруы бар сүңгуір қайығы Түркияның жүк кемесін соқты

ДУБАЙ. АҚШ-тың әскери флотының хабарлауынша, бүгін таңертең Американың ядролық қаруы бар сүңгуір қайығы Түркияның сауда кемесімен қақтығысып қалды. Екі кемеде бірде-бір адам жапа шекпеген сияқты. АҚШ-тың Бахрейнде орналасқан 5-інші әскери флотының хабарлауынша, “Филадельфия” сүңгуір қайығы су бетінде қалқып тұрған түріктердің жүк кемесін өзі келіп соққан. Сүңгуір қайық Бахрейн портына тоқтау үшін су бетімен жүзіп келе жатқан көрінеді.