Еуроодақ-Қытай басқосуы бүгін жалғасады

БЕЙЖИН. Еуроодақ пен Қытай өкілдері қытайлық мақта-мата өнімінің шамамен 75 млн. данасын Еуроодаққа экспорттау туралы келісімге қол қойды. Еуроодаққа төрағалық етуші Британия премьер-министрі Тони Блэр Еуроодақ пен Қытай арасындағы мықты қарым-қатынастар өте маңызды деп мәлімдеді. Еуроодақ пен Қытай басшыларының жыл сайынғы бас қосуы бүгін Бейжинде жалғасады. Сейсенбі күнгі отырыста тағы басқа сауда және инвестициялық келісімдерге қол қойылады деп жоспарланған.