НАТО әскерінің өкілі Ауғанстанның оңтүстігіне қосымша күш орналастыру керек деп санайды

КАБУЛ. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль өлкесінде коалициялық күштер кемінде 12 тәліптің көзін жойып, 9-ын қолға түсірді. Әскерилердің мәліметі бойынша, тәліптердің қалдықтары 18-інші қыркүйекке жоспарланған парламент сайлауы алдында террористік қастандықтар мен сайлау мекемелеріне шабуыл ұйымдастыруды жоспарлаған көрінеді. Бітімгерлік күштері қолбасшысының пікірінше, Ауғанстанның оңтүстігіне НАТО-ның қосымша күшін шоғырландыру керек. Өз кезегінде Еуроодақ Ауғанстандағы сайлауды өткізуге 9 млн еуро қаржы бөліп, оны ұйымдастыруға көмек беретінін мәлімдеді.