Бүгін Египетте ел тарихында тұңғыш рет бірнеше кандидаттың қатысуымен президент сайлауы өтуде

Бұл сайлауда мемлекет басшылығынан үміткер 10 кандидат бақ сынауда. Бірақ, қазіргі президент Хосни Мүбарак алты жылдық мерзімге бесінші рет қайта сайланады деген болжам бар. Бұған дейін Египет сайлаушылары референдумда парламент ұсынған бір ғана кандидатқа "иә" немесе "жоқ" деп жауап беретін. Хосни Мүбарак бұл сайлауды демократияның нығаюы жолындағы елеулі қадам деп атаған. Алайда оппозициялық топтар Египеттегі авторитарлық басқару жүйесінің өзгере қоюы екіталай деп мәлімдейді.