Ресей елбасы Владимир Путин Германияға ресми сапармен келді

Канцлер Герхард Шрөдермен кездесу барысында екі жақты байланыстар сөз болмақшы. Балтық теңізінің табаны арқылы өтетін, құны 5 миллиард доллар шамасындағы газ құбырын салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылмақшы. Ол арқылы Ресей газы Батыс Еуропаға жеткізілмекші.