БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан осы ұйымның 60 жылдығына байланысты саммитті бастады

Ол 150-дей елден келген әлем басшыларын кедейлікпен күрес, адам хұқықтарын қорғау ісін нығайту және демократиялық негіздерді құруға, этникалық тазалауларды болдырмауға байланысты уәделерді орындауға шақырды. Аталған уәделер Бас Ассамблея тарапынан осы аптада қабылданған құжаттарда көрсетілген.