Литвада апатқа ұшыраған ресейлік СУ-27 қырғи ұшағында әуе-әуе типіндегі 4 зымыран болған дейді Қорғаныс министрлігіндегі ұшу қауіпсіздігі қызметінен Сергей Байтенов

С.Байтенов апат жағдайын зерттеу мақсатында, 11 орыс сарапшысы мен бірге бүгін Вильнюсқа келді. СУ-27 қырғи ұшағы Санкт-Петербургтан Калининградқа ұшып келе жатып Литва жеріне құлаған болатын. Ұшқыш катапульт көмегімен жерге аман қонған.