Нью-Орлеанда төтенше жағдай жарияланды

НЬЮ-ОРЛЕАН. АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласының басшысы осы аптада аймақта жаңа дауыл болуы мүмкін деп тұрғындарды қаладан эвакуациялауға бұйрық берді. Ауа-райын болжаушылар бұл аймаққа тропикалық “Рита” дауылы келе жатыр деген соң, мэр Рэй Нагин Нью-Орлеандықтар сәрсенбіге дейін қаладан шығып кетуі керек деді. Соңғы ресми деректерге қарағанда, “Катрина” дауылынан қаза болғандардың саны 973-ке жетті.