Өзбекстанда Әндіжан оқиғасына қатысы барларға қарсы алғашқы сот өз жұмысын бастады

Оның барысында 15 адамның ісі тыңдалып, олар өздеріне тағылған айыптарды мойындады. Олардың үшеуі көршілес Қырғызстаннан екен. Оларға қарсы сот өкілдері 40 шақты айыптауларды жариялаған болатын. Айыптаулардың қатарында лаңкестік әрекеттер, кепілдікке кісі алу, елдің конституциялық билігін күшпен құлатуға тырысу, кісі өлтіру және заңсыз діни экстремистік топтарды құрды, деген тұжырымдар да бар. Сот ісін күтіп, Әндіжан оқиғалары бойынша тағы 100-ден аса азамат түрмелерде отыр.