Ресей үкіметі Михаил Ходорковскийдің канадалық адвокаты қуып жіберді

Ресей үкіметі түрмеге отырғызылған ірі бизнесмен Михаил Ходорковскийдің канадалық адвокаты Роберт Амстердамға 24 сағаттың ішінде Ресейден кетуге бұйырды. Ходорковскийдің басқа үш адвокаты, ресейлік заңгерлер әділет министрлігіне шақырылды. Адвокаттардың бірі Елена Левина адокаттық лицензияларымызды қайтарып алуға әрекет жасалуы мүмкін дейді. Әділет министрлігі тарапынан ешқандай ресми мәлімет айтылған жоқ. Ходорковский он күн ішінде Мәскеудегі түрмеден жазасын өтеуге аймақтардағы түрменің біріне әкетілуі мүмкін. Ходорковский жалпы 8 жылға бас бостандығынан айырылған.