Мотоцикл мінген жанкешті Мусайб қаласында өзімен бірге алты адамды өлтірген

Тағы 19 адам жараланған. Дәл сол жексенбі күні Бағдатта авто көліктегі жанкешті Ирақ полициясының 7 адамын және екі қарапайым азаматты өлтірген. Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті әл-Қайда ұйымы өз мойнына алып отыр. Бағдаттың батыс жағында қарулы топ Қаржы министрлігінің керуеніне шабуыл жасап, оның екі қарауылын өлтірген. Өздері 850 мың доллар қаржыны қолдарына түсіріп, жасырынып үлгерген екен.