ЕуроОдақ Өзбекстанға Әндіжан қырғынына байланысты бірқатар санкция жарияламақ

ЕуроОдақ дипломаттарының айтуынша, одақ елдері сыртқы істер министрлері алдағы дүйсенбі күні Өзбекстанға жарияламақ қару-жарақ эмбаргосы және өзге де бірқатар санциялар бойынша келісімге келмек. Өзбекстан мамырдағы Әндіжан қырғынына байланысты халықаралық тәуелсіз тергеуге рұхсат бермегендіктен, дипломаттар осындай шешімге келіп отыр. Мамырдың 13-інде болған ресми күштердің шабуылы кезінде кемінде 800-дей әндіжандық қаза тапқан деген дерек бар. Бұл жөнінде ЕуроОдақ министрлері Өзбекстанға қарсы санкцияны осы дүйсенбіде жарияламақ. Олардың қатарында қару-жарақ эмбаргосы, Ташкендік үкімет қолдануы мүмкін әскери қондырғылардың экспортына тыйым салу, тағы басқалар, дейді Брюсселден тілшіміз Ахто Лобякас.