Ауғанстанда президент Х.Қарзайдың билігін қолдаған дала қолбасшысы қаза тапты

КАБУЛ: Бүгін Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар қаласында жанкешті-лаңкес іске асырған жарылыстан кемінде 4 адам, оның ішінде кезінде “Солтүстік альянстың” құрамында тәліптерге қарсы шайқасқан бұрынғы белгілі дала қолбасшысы Шах Аға қаза болды. Шах Аға – президент Х.Қарзайдың үкіметін қолдағандардың бірі болатын. Жарылыс оның өз үйінің маңында болды. Онымен қарама-қатар Забуль өлкесінде тәліптердің қалдықтарымен арада болған қақтығыста 1 АҚШ жауынгері оққа ұшып, екіншісі жараланды.