Әндіжан сотында үкіметке қарсы алғашқы сөз айтылды

Әндіжан көтерілісін ұйымдастырды деп айыпталған 15 азаматтың үстінен Ташкентте өтіп жатқан сотта үкімет пайымдауына қарсы алғашқы сөз айтылды. Махбұба Зокирова деген куә сөйлегенде – 13 мамыр күні Әндіжанда бірінші болып оқты үкімет әскері атты, президент Ислам Кәрімовты тосып, үміті үзілген халыққа қоршауда тұрған сарбаздар оқ жаудыра бастады деді. Ташкент сотында 3 қазанда сөйлеген сарбаздар ереуілшілерге қаладан аман шығып кетіңдер деп ұсынған едік, алайда ереуілшілер бірінші оқ атты деп көрсетті. Прокуратура өкілдері ереуілшілер байқамай бірін-бірі атып алды деп көрсетті. Өзбек үкіметі Әндіжанда 187 азамат қаза тапты, олардың көпшілігі исламшыл жауынгерлер дейді. Адам құқықтарын қорғаушылар жүздеген адам қаза тапты, олардың көбі – қарусыз бейбіт азаматтар дейді.