Черногорье елі өз тәуелсіздігін алар қарсаңда Сербияға ешқандай өтемақы төлемейді

Бұл жөнінде Черногорье Сыртқы істер министрі Миодраг Влахович Уашингтондағы саяси институтта сөйлеген сөзінде айтты. Себебі Черногорье Сербияның бір бөлігі емес, деді министр. Сербия өз жерімізді жоғалтпақшымыз, деп есептеп, сол үшін Черногорье мен Косоводан өтемақы талап етіп отыр. Сондай-ақ министр Влахович елдің тәуелсіздігін анықтайтын референдумның 2006-шы жылдың көкегінде болатындығын мәлімдеді. Еуропа одағы болса бұл үдерістің кейінге шегерілуін қалауда.