БҰҰ-ның Бейруттағы ақпарат орталығының жетекшісі өміріне қауіп төнгендіктен Ливан елінен шығып кетуге мәжбүр болды

Бейрут. Нежиб Фейружи Ливанның бұрынғы премьер-министрі болған Рафиқ Хариридің қастандық өлімін зерттеуші халықаралық комиссияның баспасөз-қызметіне басшылық еткен болатын-ды. Комиссия өз жұмысын қорытындылауға жақын, дипломаттардың деректеріне қарағанда, комиссияның есебі БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанға осы жұмада берілетін болады. Ливан оппозициясы Сирияның арнайы қызмет орындарын Хариридің өліміне қатысы бар деп айыптайды, Дамаск болса бұл айыптауды жоққа шығарады.