Бүгін Польшада президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Варшава. Президенттіктен үміткер екі адам, оның бірі – "Азаматтық платформа" либералдық партиясының жетекшісі Доналд Туск, екіншісі -"Заң мен Әділеттілік" партиясынан кандидат Лех Качиньский. Екі апта бұрынғы алғашқы турда аз ғана айырмашылықпен Туск алға шыққан болатын, онда барлығы 12 үміткер дауысқа түскен еді.