БҰҰ Р.Әл-Хариридің өліміне Ливан мен Сирияның қауіпсіздік күштерінің қатысы бар деп санайды

НЬЮ-ЙОРК. Бүгін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Нью-Йоркте Ливанның экс-премьер-министрі Рафик Әл-Хариридің қастандықтан қаза болуы себептері туралы баяндаманы талқылауға тиіс. БҰҰ-ының тергушілері дайындаған ол баяндамаға сәйкес, Әл-Харириге қарсы ақпан айында жүзеге асырылған қастандыққа Сирия мен Ливанның қауіпсіздік күштерінің қатысы бар. Әл-Харириге қарсы Бейрутта болған ол қастандықтан тағы 20 кісі құрбан болды. Ресми Дамаск бұл баяндаманы “саяси астары” бар деп айыптаған болса, ресми Бейрут та ол қастандыққа өзінің қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр.