Қырғызстан астанасы жанындағы түрмедегі толқуларды басу кезінде ең кемінде 18 тұтқын қаза тапқан

Бішкек. Республикалық жазаны өтеу басқармасының бастығы жараланған. Бүгін таңертеңгісін Молдаванка түрмесінен қылмыскерлер арасында беделді деген бірнеше тұтқынды басқа жаққа ауыстырмақшы болған кезде атыс басталып кеткен. Осындағы тұтқындармен өздерінің бірлестіктерін білдіру мақсатында тағы да бірқатар абақтыдағылар бұйрыққа бағынбау акциясын өткізген. Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, алты түрмедегі тұтқындардың біразы өз тамырларын тіліп тастаған. Қырғызстанның әділет министрі Марат Кайпов Азаттық радиосына берген сұхбатында түрмелердегі жағдай қазір қалпына түсіп келеді деген.