Аргентинадағы америка елдерінің саммиті кезінде бас көтерген наразы қауымды полиция газ қолдана отырып басты

Американдық 34 ел өкілдері қатысып отырған жиынға келген АҚШ президентінің қазіргі сыртқы саясатына қарсы 300-дей адам полиция күштеріне, ғимараттарға тас атып, саммит маңайындағы банкты өртеп жіберді. Жұма күнгі наразылық шеруіне 10 мыңдай аргентиналық азамат қатысты. Олардың арасында Венесуела президенті Хуго Чавес пен Аргентиналық әйгілі футболшы Диего Марадона да болды.