Әзірбайжанда жексенбі күні болған Парламенттік сайлаулар қорытындысын мойындамайтындықтарын басты оппозициялық коалиция мәлімдеп отыр

Азатлық коалициясының айтуынша, науқан барысында заңсыздықтар мен бұрмалаулар орын алған. Кейбір сайлау бекеттеріне Азатлық бақылаушылары жіберілмеген. Сондай-ақ сайлаушылардың саусағына өшпейтін сияның орынына жуылып кететін сия қолданылған, дейді аталған коалиция өкілдері. Билік басындағы Иени Азербайжан партиясы болса айыптауларды жоққа шығаруда. Алдын-ала есептеулерге қарағанда, Парламенттегі 125 орынның 65-ін осы партия, 7 орынды оппозициядағы үміткерлер иеленсе керек. Сайлауға 1600-дей шетелдік бақылаушылар бақылаған. Сайлауға сайлаушылардың 46 пайызы қатысқан екен.