Оппозициядағы наразылық танытушылар Бакуде шерулерін бастады

Олар жексенбі күні болған сайлауларға қарсы болуда. Оны елдегі басты оппозициялық Азатлық қозғалысы ұйымдастырып отыр. Жексенбідегі сайлауларда заңсыздықтар орын алды, дей отырып, оның қорытындыларын заңсыз деп жариялауды оппозиция талап етуде. Шерулерге жастар ұйымдары да қатысуда. Мыңдаған шерушілер қатысып отырған бұл шаралар бейбіт түрде өтуде. Қалың полиция жасағы оқиғаны бақылау үстінде. Парламенттегі 125 орынның басым бөлігін елбасы Илхам Алиевтің партия иеленген.