Владикавказ. Айыптаушылар Нурпаши Кулаевтың сотында алғашқыда 69 куәнің айтқандарын тыңдамақшы болған еді. "Беслан аналары" тобының сот ісін жүргізушілер жан-жақты дәлелді жауаптар беретін куәлерді қоспай отыр деген арызынан кейін сот осындай шешім қабылдады. "Беслан аналары" Беслан оқиғасында көп адамның құрбан болуы - Федералдық қауіпсіздік жауынгерлерінің шабуылының әсерінен болды деген болжам-көзқарасты жоққа шығару үшін айыптаушылар осындай қадамдарға барып отыр деп есептейді. 2004 жылы қыркүйекте Беслан мектебіндегі қырғында 330-дан астам адам опат болса, олардың жартысынан көбі оқушы балалар еді.