Копенгагенде әлемнің 40 елінен келген депутаттар НАТО-ның күзгі Парламенттік ассамблеясында бас қосты

НАТО ұйымына мүше 26 мемлекет және тағы да 15 елден келген 600-дей өкіл арасында қазақстандық бақылаушылар тобы да бар. Қазақстандық заңгерлер Солтүстік Атлантикалық одақтың бұл жиынына Босния-Герцеговина, Сербия, Черногори елдерімен қатар бақылаушы ретінде шақырылған. Сейсенбіге дейін жалғасатын бұл ассамблея НАТО бас хатшысы Йап де Хуп Схеффер және Түркия бас министрі Режеп Тайып Ердоғанның баяндамаларымен аяқталмақ.