Иорданияда қауіпсіздік мекемелерінің 11 басшысы қызметтерінен алынды

Иорданияда өткен аптада орын алған террорлық шабуылдардан соң қауіпсіздік мекемелерінің 11 басшысы қызметтерінен алынды. Иордания мемлекеттік телекомпаниясы қызметтерінен кеткендердің арасында ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі бар деп хабарлады. Иордания барлау департаментінің басшылығына Израильдегі елші Маруф Әл-Бақыт тағайындалды. Ел астанасы Амманда өткен аптада үш қонақүйде жанкештілер бомбаларын жарып, 57 адам қаза тапқан болатын. Жауапкершілікті "Әл Қаида" мойнына алған.