Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бағытымен келісуге болмайды, дейді АҚШ және Оңтүстік Корея елбасылары

Джордж Буш және Рох Му-Хюн мырзалар арнайы кездесуден кейін баспасөз мәслихатында осылай деген болатын. Рох мырзаның айтуынша, екі жақ бұған байланысты өзара келісімдерін қайталасты; “Солтүстік Кореяның ядролық мәселесіне алаңдаушылық таныта отырып, біз ядролық қаруы бар Солтүстік Корея саясатына төзуге болмайды, деп қайталастық. Және аталған мәселенің бейбіт те дипломатиялық жолмен шешілуі тиіс екендігін тағы да қуаттадық”, деді Рох мырза.