Ирақта зұлымдық жалғасуда

БАҒДАД. Ирақта соңғы екі күн ішінде орын алған шабуылдардан кемінде 120 адам қаза тапты. Сенбі күні Бағдадтың солтүстігінде жанкешті жарған бомбадан 35 адам құрбан болып, 50-ге жуық кісі жараланды. Сонымен қатар кешегі шабуылдардан 6 АҚШ сарбазы мерт болды. Басқа да хабарларға қарағанда, Ирақ сайлау комиссиясының өкілі Фарид Аяр желтоқсанның 12-сінде парламенттік сайлауларда «арнайы дауыс беру» басталады деді. Аярдың айтуынша, емханада жатқандар, түрмедегілер және Ирақтың қауіпсіздік күштері сайлауға үш күн қалғанда дауыс бере алады, ал қалғандар желтоқсанның 15-нде парламенттік сайлауларға қатысады.