Ауғанстандағы шаралары үшін НАТО күштері бұдан былай Өзбек жері мен әуе базаларын пайдалана алмайды

Өзбек өкіметінің өтініші бойынша АҚШ күштері Өзбекстанның оңтүстігіндегі әскери базаларды осы аптада тастап шыққан болатын. НАТО-ға байланысты шешім содан кейін, сәрсенбі күні қабылданып отыр. Германия әліге дейін Пермезге жақын, Өзбек-Ауған шекарасындағы базаны пайдаланып отыр. Сәрсенбідегі Өзбек өкіметінің шешімі бұл базаға да тиесілі болмақшы. Мамырдағы Әндіжан оқиғаларынан кейін Өзбекстан мен Батыс арасындағы байланыстар ширығып кетті.