Германияның тұңғыш әйел-канцлері өзінің Еуропадағы одақтас елдерінде сапарда жүр

ЛОНДОН. Германияның жаңа канцлері Ангела Меркель бүгін Лондонда Еуроодаққа төрағалық ететін Англияның премьер-министрі Тони Блэрмен келіссөз өткізеді. Олар өзара Еуропалық Одақтың бюджет проблемаларын талқылауға тиіс. Лондонның алдында А.Меркель ханым Парижде Франция президенті Ж.Ширакпен, ал Брюссельде Еуропа Комиссиясы және НАТО басшылығымен келіссөздер жүргізді.