АНКАРА. Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Иран екі аптадан кейін өзінің ядролық бағдарламасына арналған келіссөздерді Еуроодақпен бастайды деп мәлімдеді. Анкарадағы баспасөз-маслихатында Моттаки мырза бұл келіссөз министрлер деңгейінде өтеді деді. Бірақ ол келіссөздің қайда өтетіндігі әзірше белгісіз.