Бірінші куәгер бұрынғы диктатор С.Хусеиннің 15 жастағы баланың басын күл салғышпен жарғанын баяндап берді

БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеиннің ісі бойынша сот процесінде бүгін бірінші куәгер Ахмад Хасан 1982-інші жылы шийт ауылының тұрғындарының қалай қинап-жәбірлеп тергелген жайттарын айтып берді. С.Хусеин мен оның жақын 7 үзеңгілесіне 1982-нші жылы Ирақ президентіне қарсы ұйымдастырылған сәтсіз қастандықтан кейін шийтердің Дужайыл ауылының 140-тан астам тұрғынын қырды деген айып тағылып отыр. Ахмад Хусан С.Хусеиннің жақын 2 үзеңгілесіне қарсы тұрғындарды жаппай тұтқындап, көршілерін қалай өлтіргенін, туған 2 ағасын қалай қинағанын жайып салды. Ол, сондай-ақ, С.Хусеиннің өзі 15 жасар баланың басын күл салғышпен соққанын да есіне алды. С.Хусеиннің соты бүгін оның адвокаттарының наразылық білдіруінен туған 1.5 сағаттық үзілістен соң қайта жалғасты.