К.Райс Еуроодақтың мазасын алып отырған сауалға әзірше тікелей жауап бермеді

ВАШИНГТОН. Бүгін Еуропаға сапарға шығары алдында АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Американың терроризмге қарсы күресінде ұстанған саясатын ақтауға тырысып бақты:

“Біз “Әл-Қаида” ұйымы мен оның бөлімдерінің қолға түскен мүшелерін заңсыз соғыс жариялап отыр деп санаймыз. Біз оларды Америка халқының құндылықтарынан туған заң жұзінен қарастыруымыз керек... Біз террористерді мүмкіндігінше кез-келген жерде жауапқа тартуға тиіспіз”, - деп мәлімдеді К.Райс.

Ол, сондай-ақ, жаңа лаңкестік шабуылдарға жол бермеу мақсатында АҚШ-пен одақтасқан Еуроодақты Вашингтонға сенуге шақырды. Дегенмен де мемлекеттік хатшы Шығыс Еуропа елдерінде АҚШ-тың “құпия түрмелері бар” деген ақпар туралы Еуроодақтың сауалына тікелей жауап берген жоқ. Әлгі хабар Брюссельді қатты алаңдатып отыр.