Халықаралық Гаага трибуналы алдында бұрынғы хорват генералы Анте Готовина өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды

Гаага трибуналында оның ісі бүгін қарала бастады. Гтовинаға 1991-95-інші жылдары соғыс қылмыстарын жасады деген айыптар тағылған. Алайда хорваттардың көпшілігі бұрынғы генералды әлі ұлт қаһарманы санайды. Кеше Хорватияның Сплит қаласында А.Готовинаға қолдау білдірген мыңдаған адам көшеде шеру өткізді.