Ресей президенті Владимир Путин күтпеген жағдайда Грозныйға келді

ГРОЗНЫЙ. Бүгін Путин мырза Шешенстанның жаңадан сайланған парламентінің алғашқы отырысында сөз сөйледі. Путин Шешенстандағы сайлауларға қатысқан адамдарға алғыс білдірді. Қараша айының 27-інде сайланған депутаттар парламенттің жоғарғы және төменгі палаталарының төрағаларын таңдайды. Парламенттегі ең көп орынға Кремльшіл “Единая Россия” партиясы ие болған-ды. Шешен көтерілісшілері ол сайлауға бойкот жариялаған болатын, ал адам құқықтары бойынша халықаралық топтар ол сайлауды сынаған-ды.