Билік өкілдері Ирақтағы парламент сайлауына жоғары баға беруде

Вашингтон. АҚШ пен Британия Ирақта парламент сайлауы өткен күнді тарихи күн деп атады. АҚШ президенті Дж.Буш Ирақ өз мақсатына жетуде үлкен қадам жасады деп бағалады. НАТО одағының бас хатшысы Яап де Хуп Схеффер парламент сайлауы Ирақ елінің бірігуі мен бейбітшілігіне негіз болады деп үміттенетіндігін айтты.