Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясы кезінде наразылық шеруіне шыққандарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, оларға қарсы су шашқан

Гон-Конг. Қақтығыс барысында 70-тей адам түрлі жарақат алған, олардың ішінде бесеуі полиция қызметкерлері, 900-дей шеруші ұсталған. Дүниежүзілік сауда ұйымының конференциясы бүгін аяқталады. Оған қатысушылар әзірге терең пікір қайшылықтарын туғызып отырған ауылшаруашылық субсидиялары турасында айтарлықтай келісімге келе алған жоқ.