Бүгін Ауғанстан парламенті өзінің алғашқы отырысын өткізеді

КАБУЛ. Бұл соңғы 30 жылдан астам уақыттан кейін елде сайланған тұңғыш парламент. Қыркүйектің 18-інде өткен сайлауларда парламенттің төменгі палатасына 250 депутат сайланған болатын. Ауғанстан парламентінің бүгінгі отырысына Таяу Шығыста жүрген АҚШ вице-президенті Дик Чейни қатысады деп жоспарланған.