Рим папасы Бенекдит Рождество уағызын тұнғыш өткізді

Рим папасы Бенекдит Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға үндеу айтты. Рождество қарсыңындағы уағыз салтанаты түнгі сағат он екіде христиандардың ең үлкен шіркеуі - Қасиетті Петр шіркеуінде басталды. Салтанатқа әр түрлі елден мыңдаған зияратшы келді. Салтанат тікелей толқын арқылы жетпістен астам елде көрсетілді. Дүние жүзінде шамамен бір миллиард католик христианы жасайды.